Біз туралы

Жарғы


"Амира" балабақшасы

«Райана 2015»ЖШС «Амира» балабақшасы

Астана қаласы, Алматы ауданы, А. Тоқпанов көшесі 40 үй

«Амира» балабақшасы  2022 жылдан бастап кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеуде.

Балабақшада 7 топ жұмыс жасайды.

Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі.

«Балапан»  кіші тобы-2 -3 жас, оқыту тілі: қазақ тілі

«Еркетай» кіші тобы-2-3 жас, оқыту тілі: қазақ тілі

«Алтын ұрпақ» орта  тобы-3-4 жас, оқыту тілі: қазақ тілі

«Гномикик» орта тобы-3-4 жас, оқыту тілі: орыс  тілі

«Смешарики» ересек тобы-4-5 жас, оқыту тілі: орыс тілі

«Зияткер» мектепалды даярлық тобы 5-6 жас, оқыту тілі: қазақ тілі

«Дарын» аралас тобы -4-6 жас, оқыту тілі: қазақ тілі

Балабақша  3 қабатты,ішкі көлемі  567 шаршы метр. Балаларға арналған жеке ойын алаңдарымен қамтылған.Кең және жарық жатын бөлмелері, ыңғайлы ойын бөлмелері, музыка залы бар.СанПин –да көзделген күн тәртібі мектепке дейінгі мекеме туралы ереженің талаптарына сәйкес келеді. Теңдестірілген 4 реттік тамақтану, ашық ауада көптеген ашық ойындар, заманауи білім беру бағдарламалары.

Тәрбиешілердің қамқорлығы – баланы  тәрбиелеудің басты құндылықтары. Балаларыңызды қамқорлық жасауды нағыз мамандарға тапсырыңыз, сонда олар баланың дені сау, белсенді, көпшіл және талантты болып өсуі үшін барлық жағдай жасалған.

Балабақша  5 күн  (Дүйсенбі-жұма) сағат 8.00-.18.30 аралығында жұмыс жасайды.

Ата-аналардың жайлығы үшін 24 сағаттық бейне бақылау бар. 18.30-.19.30 аралығында кезекшілік топта қарастырылған

 Балабақшада білікті мамандар жұмыс жасайды.

Балабақша меңгерушісі  Жанаева Каламкас Изидаевна педагог-сарапшы, өз ісінің маманы.

Балабақшаның педагогикалық ұжымы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес қызметті жүзеге асырады.